Жаңалықтар

Өрт Семейдегі су электр станциясына қауіп төндіріп тұрғаны рас па?

Өрт Семейдегі су электр станциясына қауіп төндіріп тұрғаны рас па?
Фото: Ақорда 12.06.2023 04:05 864

Желіде Абай облысындағы өрттің Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіріп тұрғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда бұл ақпаратты облыс әкімдігінің ресми сайты жоққа шығарды.

Бұл жалған ақпарат.  Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып,  жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.  Біз азаматтарды дүрбелеңге түспей, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға