Жаңалықтар

Өрт салдарынан мемлекетке 18 млрд залал келген

Өрт салдарынан мемлекетке 18 млрд залал келген
Фото: gov.kz 17.04.2023 15:42 1015

Жыл сайын мыңға жуық орман мен дала өрті, сондай-ақ халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін төрт мыңға жуық өрт оқиғасы болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтың сөзінше, өткен жылы еліміздің орман қорында 801 өрт тіркеліп, 103 мың гектар алқап жойылған.

Орман өрттерінің ең көп саны Абай облысында - 263 жағдай, Павлодар облысында - 150, Шығыс Қазақстан облысында - 77, Ақмола облысында - 72 және Қостанай облысында - 57 өрт оқиғасы орын алды. 2022 жылы 111 орман өрті тіркеліп, өрттің ауданы 55 мың гектарды құрады. Бұл ретте екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, - деді Нұрболат Бекболатұлы.

Төрағаның айтуынша, өрттен келтірілген залал 18 миллиардтан асқан. Бір жыл ішінде орман өртінің зияны жалпы шығынның 91 пайызын құрады. Ел аумағында табиғи өрт салдарынан 3 рет төтенше жағдай жарияланды.

Жоғарғы өрт қауіпі биыл да сақталады. Қазгидрометтің болжам деректері бойынша алдағы өрт қауіпі кезеңінде температура орташа есеппен +25С градусқа, ал Республиканың Оңтүстік, Шығыс және Батыс бөлігінде температура +30С градусқа дейін жоғарылауымен, құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығы орман қорындағы өрт қауіпін едәуір арттыратындығын көрсетеді, - деді Нұрболат Дербісов.

Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы конференцияда жыл сайын Қазақстан Респуликасының азаматтарына өрт қауіпті кезеңіне қатысты жоғары дәрежедегі түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға