gov.kz

Өрт-құтқару қызметкерлері экологиялық бастамаға белсене қатысты

22.06.2025 14:02 3962

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Макинск қаласында орналасқан әмбебап өрт-құтқару бөлімшесінде болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Сапар барысында ол жеке құрам қызметінің жағдайымен танысып, техникалық жабдықталуын бағалады. Шыңғыс Әрінов бөлімше аумағындағы абаттандыру жұмыстарының барысына ерекше назар аударды. Соңғы айларда мұнда жаңа асфальт төселді, жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды және қызмет атқару үшін жағдай жақсартылды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 500-ге жуық ағаш пен сәндік өсімдіктер отырғызылды.