Жаңалықтар

Өрт кезінде жоғалған орманшының неден қайтыс болғаны айтылды

Өрт кезінде жоғалған орманшының неден қайтыс болғаны айтылды
Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko 13.06.2023 20:52 819

10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итімен табылды.

Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды, - делінген полицияның хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға