Жаңалықтар

Орманшылардың жалақысы жоғарылайды

Орманшылардың жалақысы жоғарылайды
Фото: instagram.com/abaioblysytjd 13.06.2023 03:17 823

1 шілдеден бастап елдегі орманшылардың жалақысы жоғарылайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ материалдық-техникалық база 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарады деп күтілуде.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, – деді министр Зүльфия Сүлейменова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға