Жаңалықтар

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.02.2024 11:38 496

Мәжілістің үкімет сағатында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік мәселені шешу аясында өткен жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленді. Яғни 12 876 штаттық қызметкер: мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары, - деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Қалған қызметкерлерге экономистер, бухгалтерлер және орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері, тракторшылар, жүргізушілер, орман өрт сөндірушілері, радист-телефоншыларға министрлік пен кәсіподақ арасындағы келісім шеңберінде өткен жылы 75% қосымша ақы қарастырылды, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға