Жаңалықтар

Орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына Семейден пәтер берілді

Орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына Семейден пәтер берілді
Фото: Абай облыстық әкімдігі 15.06.2023 16:16 607

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай облысында орман өрттерінен қаза тапқандардың отбасыларына Семейден жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Архиповтың отбасына Семейден жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды, - делінген мәліметте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әрі балаға 2 млн теңгеден беріледі.  

Сонымен қатар 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға