Жаңалықтар

«Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

«Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды
Фото: «Ақтөбе» ФК 22.06.2023 03:20 944

Шымкенттің «Ордабасы» клубының Конференция лигасы іріктеуінің екінші раундында Варшаваның «Легия» клубымен ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Александр Седнев шәкірттері алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді. Ал қарымта матч Польшада өтеді. Ойындар 27 шілде мен 3 тамызға жоспарланған.

Ал «Ақтөбе» Конференция лигасында «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) – «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұптарының жеңімпазымен кездеседі. Бірінші матч Ақтөбеде өтеді. Екінші тур ойындары 27 шілде мен 3 тамызда өтеді.

Сонымен қатар 2023/24 маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеуінің екінші раундындағы «Астана» клубының болжамды қарсыласы анықталды.

Егер елорда клубы бірінші раундта Тбилисидің «Динамо» (Грузия) командасын жеңсе, келесі кезеңде Заргебтің «Динамосымен» (Хорватия) ойнайды.

Алғашқы іріктеу раундының бірінші ойыны 11/12 шілдеде, қарымта матч 18/19 шілдеде өтеді. Бірінші матч Қазақстанда, екіншісі Грузияда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға