Жаңалықтар

Оралдан бірнеше бағытқа әуе рейсі тоқтатылды

Оралдан бірнеше бағытқа әуе рейсі тоқтатылды
Фото: t.me/airastana 25.11.2023 19:24 496

Ауа райының қолайсыздығынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициентіне байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды. Бұл туралы Air Astana-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта броньдау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.

Әуекомпания рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз, — деп түсіндірді әуе компаниясынан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға