Жаңалықтар

Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды

Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды
Фото: Nemolchi.kz 22.05.2024 18:08 5122

Оралда 20 күннен бері із-түзсіз кеткен келіншек табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.

Айнагүл байланысқа шықты. Өзінің суреттерін алып тастауды өтінді. Алаңдаған достары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бізге хабарласқан адамның дауысы Айнагүлдікі екеніне көз жеткіздік, – деді Таңсәрі.

Еске салайық,  үш баланың анасы жиырма күннен бері табылмай жатқанын жазған едік. Күйеуі полиция келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға