Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті
![Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті](/storage/storage/element/2024/04/21/mainphoto/100408/1200xauto_VQP09A6gVHQ0ktLO36uHf5ex8Um8IvHiUKJlfx6I.png)
Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі ахуал бойынша мәлім етті. Өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.
Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.
Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.
Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.
Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)