Жаңалықтар

Оралда Жайық өзенінің су деңгейі 2-4 см төмендеп келеді

Оралда Жайық өзенінің су деңгейі 2-4 см төмендеп келеді
Фото: Видеодан кадр 28.04.2024 19:48 270

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы сағатта Жайық өзенінің су деңгейі 844 құрап отыр, ал қауіпті деңгей – 850 см. Осыдан 5 күн бұрын, 22-23 сәуірде бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден асып, 864 см болған.

Жұмылдырылған күштер мен техникалар үш апта бойы атқарған жұмыстар өз нәтижесін берді. Өңірлерден 1000 жуық арнайы техника, 2000 астам сарбаз келген болатын. Орал қаласының өзінде 45 км бөгет салынды, облыс бойынша жалпы 150 км дамбы салынды. Соның арқасында Ақжайық ауданында су тұрақталып жатса, Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен күнге 2-4 см төмендеп келеді, - деді спикер.

Кешенді жұмыстардың нәтижесінде қауіп төнген 84 елді мекеннің бірде-біреуін су басқан жоқ. Тек саяжай учаскелері ғана су астында қалды. Орал қаласындағы бөгеттер ерекше бақылауға алынған, адамдар судың елді мекендерге өтуін қадағалауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға