Жаңалықтар

Оралда жарылыс болып, 3 адам қаза тапты

Оралда жарылыс болып, 3 адам қаза тапты
Фото: instagram.com/batysqaz_tjd 26.04.2023 09:21 857

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанында орналасқан гаражда жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жеткен. Өрттің салдарынан Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі Исатай-Махамбет көшесіндегі қозғалысты тоқтатуға тура келген.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 шаршы метр аумақ өртенді, ішінде ВАЗ-2121 жанған. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылды. Гаражда өрт сөндірушілер үш мәйітті тауып, төрт оттегі цистернасын шығарды.

Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдайдың себептері мен залалын мамандар анықтауда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿🚒 Batys Qazaqstan oblysynyń TJD (@batysqaz_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға