Жаңалықтар

Оралда жаcөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды

Оралда жаcөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды
Фото: © Polisia.kz 28.05.2023 19:14 678

Орал қаласында жасөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 28 мамыр күнге қараған түні орын алған.

Сағат 01.28-де 2007 жылы туған жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған жасөспірім қолға түсті. Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға