Жаңалықтар

Оралда заңсыз темекі өнімдерін сатқан тұрғын ұсталды

Оралда заңсыз темекі өнімдерін сатқан тұрғын ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 20.01.2024 21:47 522

Оралда акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ІІМ мәліметінше, Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды.

Сонымен қатар танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді, - делінген мәліметте.

Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға