Жаңалықтар

Оралда тоғыз қабатты үйден өрт шықты

Оралда тоғыз қабатты үйден өрт шықты
Фото: БҚО ТЖД 29.04.2024 22:30 624

Орал қаласында 9 қабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 29 сәуір күні сағат 08.05-те Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі 85/2 мекенжайында болды.

Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің біреуінде аумағы 18 шаршы метрді қамтыған өрт болды. Жатын бөлмеде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. «Тілсіз жау» сағат 08.33-те оқшауланып, 08.49-да ауыздықталды. Оған жеке құрамнан 35 адам, 13 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға