Жаңалықтар

Оралда төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды

Бұдан бұрын Оралда түнгі клубтың жанында төбелеске қатысқан Ресей азаматтары бес тәулікке қамалған болатын.
Оралда төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды
Фото: ПД 05.10.2022 06:25 1851

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, тәртіп сақшылары ҚР заңнамасын бұзған РФ азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады, деп хабарлайды El.kz.

«Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнгі клубтың жанында төбелеске қатысқан Ресей азаматтары бес тәулікке қамалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға