Жаңалықтар

Оралда су жаңа «Семей» күзет кемесі суға жіберілді

17.05.2025 05:34 891
Оралда су жаңа «Семей» күзет кемесі суға жіберілді

Орал қаласында Қазақстанның қорғаныс саласы үшін маңызды оқиға - "Семей" күзет кемесін іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл 1993 жылдан бастап "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ құрамына кіретін "Зенит "Орал зауыты"АҚ базасында салынған  36-шы кеме. Су көлігі Жайық өзенінің бойымен Каспий теңізіне жөнелтіліп, онда мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау қызметін атқаратын болады. Кеме заңсыз тасымалдау, контрабанда, заңсыз балық аулау, шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттері және басқа да қылмыстардың қаупін тез арада жолын кесуге арналған.

«Семей» кемесі - отандық мамандардың көп жылғы еңбегінің тағы бір жемісі. 1941 жылы негізі қаланған Оралдағы «Зенит» зауыты еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі негізгі кәсіпорындардың бірі екені белгілі. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын тұрақты орындап, жоғары технологиялық қайықтар мен «Сұңқар», «Бүркіт», «Барыс» және т.б арнайы мақсаттағы кемелерді шығаруда.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кемені жобалауға, құрастыруға және жабдықтауға атсалысқан барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, адал еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіздің арқасында бүгін біз еліміздің игілігіне қызмет ететін тағы бір кемені суға жіберіп отырмыз, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

«Зенит Орал зауыты» АҚ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға және отандық кеме жасауды дамытуға қолдау көрсетуге елеулі үлес қосуды жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға