Жаңалықтар

ОРАЛДА ШЕШЕН ӘЙЕЛІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ОРАЛДА ШЕШЕН ӘЙЕЛІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
25.10.2018 10:27 2385

Орал қаласында шешен қоғамдастығы шешен әйелінің күнін атап өтті. 

Ұлттық мереке қазақстандық патриотизмді нығайту, ұлттық толеранттылық пен дәстүрлерді құрметтеу, достық пен этносаралық келісімді сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға келген қонақтар үшін сурет, кітап, тұрмыстық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, шешен ұлттық тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік туды. Іс-шара барысында шешен мәдениеті туралы бейне ролик көрсетілді.

«Мерекенің шығу тарихы 1819 жылдан бастау алады. Генерал Ермоловтың әскері сол кезде Шешенстанның Дади-Юрт ауылын өртеп жібереді. Дадин Айбиканың басшылығымен қолға түскен  46 қыз Терек өзенін  кесіп өтіп бара жатқан бойда жаудың қолына түспеу үшін өзенге секіреді.

2009 жылы Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров бұл мерекені жыл сайын атап өту туралы шешім қабылдады», - деді «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данилбек Саратов.

Мереке күні шешен әйелдерінің құрметіне құттықтау сөздер көптеп айтылды. Олар үшін сахнада ән шырқалып, халық билері орындалды, ал ең белсенділері марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ, қазақтың Бесікке салу салт-дәстүрі да сахналанды. Қазақ халқында «Бесік» баланың алтын ұясы болып саналады, ал «Бесікке салу» салт-дәстүрі - ең маңызды және құрметтілерінің бірі.

«Мұндай мерекелер этносаралық қатынастарды нығайтуға және жас ұрпақ арасында патриоттық сезімді күшейтуге септігін тигізеді», - деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға