Жаңалықтар

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 10:55 1116

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды деп El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға 24 сәуір күні орын алған.

"Сағат шамамен 11.31-де 102 операторына Надежда көшесі, 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған шақалақ табылғаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін нәрестенің ұл бала екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомства.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің денсаулығына қатысты мәліметті кейін беретінін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға