Жаңалықтар

Оралда өрт салдарынан 42 жастағы ер адам қайтыс болды

Оралда өрт салдарынан 42 жастағы ер адам қайтыс болды
Фото: © El.kz 17.12.2023 04:26 776

Орал қаласында тұрғын үйдегі өрт салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 желтоқсан күні Ақтөбе көшесі 254-үйде болды.

Сағат 04.03-те төрт пәтерлік бір қабатты үйде №2 пәтерде жеке заттар, төбе жақтауы мен шатыр отқа оранды. Өрт 70 шаршы метрді қамтыды. Асүйден 1981 жылғы пәтер иесінің мүрдесі табылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 21 адам 5 техникамен жұмылдырылды. Жалын сағат 05.05-те оқшауланып, 05.38-де толықтай сөндірілді. Аталмыш үй 1965 жылы салынған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт отпен абайламаудан (темекі тарту кезінде) шыққан, - деп хабарлады ведомстводан.

Әлеуметтік желіде тұрғындар аталған үйдің сүрілуге жататынын, онда тұрудың мүмкін еместігін жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға