Жаңалықтар

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 13.05.2023 17:48 728

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

БҚО-да кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды, - деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеуде. Ал оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға