Жаңалықтар

Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылды

Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылды
Фото: ҚР ТЖМ 16.06.2024 14:03 444

Орал қаласында мал союға арналған орында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды.

Газ баллонының жарылуы салдарынан 10 адам, оның ішінде екі жасөспірім зардап шекті.

Дәрігерлердің қарауынан кейін екі азамат үйлеріне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында, - делінген мәліметте.

Ведомство газ баллондарын қолдануда сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға