Жаңалықтар

Оралда ҚХА ДОСТЫҚ ҮЙЛЕР МЕН «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» бАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Оралда ҚХА ДОСТЫҚ ҮЙЛЕР МЕН «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» бАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
13.09.2018 11:26 2063

Орал қаласындағы Ассамблея Үйінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ басшысының орынбасары Ерікболат Қабылданың төрағалығымен Достық Үйлері мен «Қоғамдық келісім» басшыларының Республикалық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. 

Жиында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан жобалар және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР заңына енгізілген өзгерістер талқыланды.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Еркеболат Қабылда «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР заңын іске асырудағы «Қоғамдық келісімнің» міндеттері туралы баяндаса, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ  Достық үйлерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жетекшісі Жанна Шаймұханбетова ҚХА-ның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарған жартыжылдық  жұмыстарына қорытындылады.

Кеңестің отырыс шеңберінде «БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы» жинақ таныстырылып, «Менеджмент мәдениеті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға