Жаңалықтар

Оралда ер адамдар қабырға арқылы әйелдер түрмесіне кірген

Оралда ер адамдар қабырға арқылы әйелдер түрмесіне кірген
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.09.2023 09:10 746

Апатты жағдайда тұрған Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына қалай өтуге болатынын көрсетіп, видео түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оралдағы №74 мекеме, яғни уақытша ұстау изоляторынан түсірілген деген видеоны жариялады. Видеода ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам ту сыртынан түсіріп тұрады. 

Видеоның авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді-мыс деп мәлімдейді.

Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз, - делінген видео сипаттамасында.

Сондай-ақ, видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға