Оралда дүкен өртенді

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы Зашаған кентінде дүкендердің бірі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетті. Шақырту түскен сәттен бастап қызыл жалын 54 минут ішінде сөндірілді. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

 

Оқи отырыңыз