Жаңалықтар

Оралда базар өртенді

Оралда базар өртенді
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 27.05.2023 22:52 570

Оралда «Ақжол» жабық базары өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2-мекенжайында болған.

Таңғы сағат 05.00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05.25-те оқшауланып, 05.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға