БҚО ПД экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күшпен 1992 жылы туған Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 жылы туған тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.
Сондай-ақ БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Ұсталғандар Орал қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерз аімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оралда ақша бопсалаумен айналысқан 3 адам ұсталды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?