Жаңалықтар

ОРАЛДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСТІ

ОРАЛДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСТІ
03.10.2018 03:31 2004

Орла қаласының Достық үйінде облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Суербаевтың басшылығымен ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысына қатысқан аудандық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен Жаңғыру жолы жастар қозғалысының көшбасшылары «Болашаққа бағдар, қоғамдық келісімді жаңғырту» бағдарламалық мақаланың мәселелерін іске асыруды, медициналық мекемелерде және қалалық қоғамдық көліктегі қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жағдайын талқылауға белсене атсалысты.

Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарында өз жұмысын кеңінен қамту және ағымдағы жобалардың қызығушылығын арттыру үшін белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда ақсақалдар кеңесіне көмек көрсетуді күшейтуге қатысты өзекті және іскерлік ұсыныстар айтылды.

Кеңесте БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапаков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жобалық кеңсе жұмыс істеп жатқандығын және болашақта жұмыс осы кеңсемен бірлесе жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға