Жаңалықтар

Оралда 85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен

Оралда 85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен
Фото: © Pixabay.com 31.10.2023 15:04 1091

Оралда 85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қазан күні шамамен сағат 11.30-да белгісіз біреу 1938 жылғы зейнеткердің үйінің есігін қаққан. Есікті ашқан кейуанаға бірнеше соққы жұмсаған.

Содан кейін үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың Ресей рублін (5 мыңдық купюралар) жымқырып кеткен. Келген залал көлемі – 3,5 млн теңге.

Қылмыстың орын алғаны туралы ақпарат түсісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Арнайы жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Орал қаласының 1991 жылғы тұрғыны анықталып, қолға түсті. Тексеру барысында оның бұрын алаяқтық, ұрлық және тонауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді. Ұсталған күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады БҚО ПД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға