Жаңалықтар

Оралда 600 киік мүйізі тәркіленді

Оралда 600 киік мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz 29.02.2024 08:01 427

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөліті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды.

Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болған және ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға