Жаңалықтар

Оралда 11 ауғанстандық ұсталды

Оралда 11 ауғанстандық ұсталды
Фото: Polisia.kz 29.09.2023 23:46 692

Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңын бұзған үшін ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды.

Оралда 11 ауғанстандық ұсталды

Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға