Жаңалықтар

Орал тұрғыны бақшасында есірткі өсірген

14.05.2025 14:55 438
Орал тұрғыны бақшасында есірткі өсірген

Оралда полицейлер есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Орал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан есірткі заттары бар деген күдікпен өсірілген өсімдіктер орналасқан екі жылыжайды анықтады.

55 жастағы жергілікті тұрғын жылыжайларда заңсыз өсімдіктер өсіріп келген. Барлығы 37 түп өсімдік тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға