Жаңалықтар

ОРАЛ ӨҢІРІНДЕ КАЗАК МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘНДЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОРАЛ ӨҢІРІНДЕ КАЗАК МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘНДЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
27.11.2018 11:50 2405

24 қарашада Батыс Қазақстан облысындағы Үлкен Шаған ауылында казактардың халықаралық фестивалі өтті.

Оған облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Медхат Қамбетов, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы Владимир Волков, Старый Уральск  мұражай директоры Геннадий Мухин, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шараны М. Мұсаұлы құттықтау сөзімен ашып, мерекеге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шараға казак балалар ансамбльдері, «Раздолье» казак қоғамының әндер ансамблі (Оренбург қ.), «Ясный Сокол» ерлер вокалдық ансамблінің халықтық тобы (Челябинск облысы, Чесма ауылы) қатысып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Келесі күні Оралдағы А. Островский атындағы театрда казак мәдениетінің «Малиновые Зори» мерекесі өтті.

Театр фойесінде қолөнершілер жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, мерекелік шараға келген қонақтар Орал казактарының тағамдарын тамашалай отырып, дәм тәтті, казактардың дәстүрлері туралы сыр шертетін әңгімелер, музыкалық композициялар орындалды.

Салтанатты шараны Медхат Қамбетов және «Яик Орал казактарының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вячаслав Солодилов құттықтау сөздерімен ашты. «Деркулочка», «Горицветы», «Малиновые зори» және Галина Вологина ансамбльдері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға