Жаңалықтар

Орал әуежайы неліктен Ресей компаниясына сатылып кетті?

Орал әуежайы неліктен Ресей компаниясына сатылып кетті?
Фото: gov.kz 26.05.2023 13:38 755

Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы әуежай терминалының үлесі Ресей компаниясына тиесілі. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев әуежай үлесінің сатылуына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің әуежай өте ескі болды. Ол бүгін ғана емес, 2009 жылдан бері жеке компанияның қолында. Орал тұрғыны болғандықтан, мәселені жақсы білемін. Сол әуежайда халықтың ұшаққа отыратын ешқандай мүмкіндігі болмады. Оның ішінде жолаушыларды қабылдайтын орын болмады. Багаж қабылдайтын жерде құрылғының бәрі тозып бітті. Әуежайдың терминалының өзі бүгінгі талаптарға сай келмеді. Соған байланысты ұшып-қонуға, әуе рейстерін ашуға мүмкіндік болмады, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, тіпті ұшаққа отырғызған кезде жертөледе төменге түсетін баспалдақ болмаған. Соның жоқтығынан мүгедек жандар, балалы аналар төменге түсе алмайтын. 6,6 млрд теңгеге әуежайды Ақжайық СПК арқылы сол кездегі компанияның басшыларымен бірге келісімшартқа отырып, жеке компания арқылы осы қаражатқа жөндеу жүргізілді. Соның арқасында барлық талаптарға сай әуежай терминалы қолданысқа берілген. Қазір сағатына 400 жолаушыны қабылдай алады.

Неліктен Ресей компаниясы? Жалпы, әуежайдың жыры біраздан бері келе жатыр. Бүгін ғана ол жеке компанияға өткен жоқ. Бүгінгі таңда ресейлік компанияның осы әуежайдағы үлесі 49 пайыз. 49 пайыз біздің Қазақстан азаматы Дәулетхан Қилыбаевқа, тағы екі пайызы Қазақстан азаматына тиесілі. Яғни 51 пайызы бізде. Бұл - басқарушы компания. Әуежайдың ұшып-қону жолағы, терминал, бәрі мемлекеттің меншігінде. Олардың меншініде – ұшақ бұрылатын жердегі шағын ғана учаске және перрон. Болды! Қалған барлық стратегиялық нысан үкіметтің меншігінде», - дейді ол.

Әкімнің айтуынша, Ретранс компаниясы «Аэропорт регионов» деген холдингке қарайды. Ол холдингте Ресейдегі 14 терминал бар.

Сондықтан, бұл компания әуежайдың 49 пайыз үлесін алған кезде әрине үкімет қаулысына сәйкес берілді. Құзыретті орган ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жауап береді. 49 пайызды иеленер алдында ресейлік компанияның келісімі барлық құзыретті органмен келісілген. Бәрі заң аясында тексерілген. Ешқандай қорқатын ештеңе жоқ, - деді әкім.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, аталмыш компанияның өз жоспары бар.

Перрон және бұрылып қону жолдарын биыл жөндеңіздер деп отырмыз. Нақты алдарына тапсырма қойдық. Оның сыртында ескі және жаңа әуежайдың арасы жер мен көктей. Оралмен республика және шетелдік бағытта 8 ұшақ ұшып жатыр. Алдымызда тағы да бес бағытты көбейту жоспарланған, - деп түсіндірді ол.

Әкім компанияның тек қызмет көрсететін атап өтті. Құрылтайшылары өзгермейді. Оған қатысты алаңдаушылық болмауы керек екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға