Жаңалықтар

Оқыс оқиға: «Барыс» хоккейшісінің аяғын коньки тіліп кеткен

Оқыс оқиға: «Барыс» хоккейшісінің аяғын коньки тіліп кеткен
Фото: instagram.com/polokhov23_fan 30.10.2023 11:49 546

«Барыс» хоккей клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы Ғалым Мәмбеталиев ҚХЛ аясында «Торпедоға» (1:2) қарсы өткен ойында қорғаушы Кирилл Полоховтың неліктен алаңға шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін коньки тебу кезінде оның аяғын коньки тіліп кетті. Жарасын төрт жерден тікті. Аяғы ісіп, коньки киюге жарамады. Жеті қорғаушы ойнауына тура келді. Оған қоса, өткен ойында Савицкий Мұратовпен соқтығысып, ол да басын ауыртып алды. Артынша өзіне келіп, үшінші кезеңде ойынға оралды, - деді Ғ.Мәмбеталиев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға