Жаңалықтар

Оқушылардың пәндік олимпиадасының форматы ауысты

Оқушылардың пәндік олимпиадасының форматы ауысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 25.03.2024 18:49 385
Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.
 
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
 
17-21 наурыз күндері – Астана қаласында физика, математика;
 
24-28 наурыз күндері – Алматы қаласында информатика, география;
 
27-31 наурыз күндері – Павлодар қаласында химия, биология.
 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
 
1-5 сәуір күндері – Қостанай қаласында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
 
7-11 сәуір күндері – Атырау қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
 
14-18 сәуір күндері – Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
 
20-24 сәуір күндері – Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға