Жаңалықтар

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 21.12.2023 17:22 730

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады, – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеу барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.

«Мектепішілік іс-шара жоспарына:

ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;

«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу;

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;

«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;

Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға