Жаңалықтар

Оқушылар лагері санитарлық талаптарға сай болуы керек – премьер-министр

Оқушылар лагері санитарлық талаптарға сай болуы керек – премьер-министр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.05.2024 11:15 446

Премьер-министр Олжас Бектенов балалар демалысы, бос уақытты өткізу орындары, орталықтар, оқушылар мен шығармашылық сарайлары көпфункциялы болуға тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысының сөзінше, балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек.

Барлық объектілер сауықтыру маусымының ашылуына толық әзір болуға тиіс. Ол үшін өңірлік штабтар жергілікті жерлерге барып, лагерьлердің санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауы қажет. Балалар лагерьлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс екеніне ерекше назар аударды. Осы ретте Бектенов Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет екені жөнінде тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға