Қаржыгер Дана Молдақұлова әлеуметтік желіде оқуға ақша жинаудың төрт тәсілін атап өтті. Сарапшының айтуынша, бала туғаннан бастап ақша жинауды бастаған дұрыс.
11 сыныптан кейін жоғары оқу орнына грантқа түсу кез келгенге бұйыра бермейді. Межелі күн жеткенде тиісті тізімнен таппай қалсақ, талапкерге – соққы, ата-анаға – қаржылай жүк. Осы орайда қаржыгер Дана Молдақұлова ақша жинаудың пайдасын айтты.
Бала грантқа түспесе де оны оқыту – баланың болашағына ең үлкен инвестиция. Бала туыла сала ақша жинау керек,– дейді қаржыгер.
Дана Молдақұлованың айтуынша, ай сайын 10 мың теңге жинасаңыз, бала 18 жасқа толғанда 41 миллион теңге жиналады. Төрт жылдық оқу ақысын қиналмай төлейсіз. Бірақ ақшаны теңге депозитінде жинамаңыз.
Бөлек шот ашу керек
Отбасы банкте «Ақыл» депозиті бар. Ай сайын болмаса да, туған күніне жиналған сыйлықты салып отырыңыз. Себебі үкімет тарапынан қолдау мен жоғары өсім бар. Бастысы, ақша керек деп шығара алмайсыз.
Ай сайын ақшаны еселеңіз
Жалақы алған кезде бірде депозитке 10 мың-20 мың теңге аударыңыз. «Айдың аяғында қалған ақшадан саламын» деген ой дұрыс емес.
Еңбек демалысы үшін төленетін ақының 5-10%-ын шотқа аударыңыз
Еңбек демалысына шыққанда қалтаңызға әжептәуір ақша түседі. Соны бірден негізгі қажеттілікке жұмсамай, 5-10%-ын оқу шотына салыңыз.
Ақшаны депозитте жинамай, инвестиция жасаңыз
Қаржының депозитте емес, инфестиция құралы ETF-те ұстаңыз. Бұл нұсқа ұзақ мерзімді депозитке қарағанда 3-5 есе тиімді. Мысалы, есептеп көрелік.
Бұл тәсілді 10 мың теңгенің мысалында талдап көрелік. Депозитте 18 жылдан кейін 9 млн 754 мың 161 теңге жиналады. Ал сол ақшаны үнемі ETF-та жинаған болсаңыз, 18 жылда шотыңызда 41 млн 625 мың 512 теңге болады. Депозитте жинаған сомадан 4,5 есе көп, – дейді Дана Молдақұлова.