Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ата-аналар академиясы құрылады

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ата-аналар академиясы құрылады
Фото: primeminister.kz 18.05.2023 13:37 1449

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баланың қауіпсіз өмір сүру, денсаулық пен өсіп-жетілу құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет. Балаларымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау елдің ұлттық саясатында әрқашан басымдыққа ие. Біз әр ата-анадан балаларды тәрбиелеуге, олардың оқуына, денсаулығы мен демалысына қызығушылық танытуға, отбасында өзара құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлуді сұраймыз. Ата-аналар балалары үшін физикалық және рухани кемелдіктің үлгісі болуы керек. Сондай-ақ ата-аналарды мектеп өміріне белсенді араласуға шақырамыз, - деді ол.

Мемлекеттік міндеттердің ішінде отбасы институтын нығайту, әке мен ананың мәртебесін арттыру, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін күшейту, балалары бар отбасыларға әртүрлі санат бойынша көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және қолдау көрсету әрқашан маңызды басымдық болады».

Насымжан Жамбекқызы қарарды хабарлады. Атап айтқанда, форсайт-сессияға қатысушылар мынадай шараларды ұсынды: отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған «Ата-аналар академиясын» құру; балалары бар отбасыларға білім беру және медицина саласында әлеуметтік қолдаудың түрлі бағдарламаларын енгізу; балаларға өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру мақсатында білім беру, мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту; кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдау; мұндай қылмыстарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру үшін кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу процесіне барлық қоғамдық институттарды тарту қажеттілігі; бала құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау институттарын дамыту ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға