Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құруды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құруды ұсынды
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 13:46 734

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, балалардың интернетті пайдалануында «ата-ана бақылауын» қолдану тәсілдері бойынша кең көлемді ақпараттық жұмыстар жүргізілуі қажет.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын қолға алды. Тұжырымдаманың өзегі – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру.

Әрбір мектепте ата-ана міндеттерін іске асыруға, оларды жан-жақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге бағытталған Ата-аналар академиясы құрылады, - деді вице-министр.

Осылайша ата-аналардың балаларды тәрбиелеу бағытындағы көзқарасының жауапкершілігін арттырып, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға