Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Фото: Үкімет 14.11.2022 19:50 1139

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Дулат Шайкенұлы Жекебаев ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.

Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға