Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрінің балалары қандай мектепте оқиды? Ғани Бейсембаевтың өзі жауап берді

Оқу-ағарту министрінің балалары қандай мектепте оқиды? Ғани Бейсембаевтың өзі жауап берді
Фото: primeminister.kz 02.11.2023 18:00 1120

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балаларының қандай мектепте оқитынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілі министрдің балалары қандай мектепте оқитынын сұрады. 

Бес баламның екеуі оқушы. Олар мемлекеттік мектепте оқиды. Бұл мектеп үш ауысымды мектеп екенін де қоса кетейін. Сондықтан мен министр ретінде ғана емес, ата-ана ретінде де жүйенің барлық проблемасын білемін, - деп жауап берді министр. 

Ғани Бейсембаев балалары бастауыш сыныпта оқымайтындықтан, мектепте тегін тамақ ішпейтінін де қоса кетті. 

Бұған дейін министр мектептегі бір реттік ыстық тамақтың сапасы  жөніндегі сұраққа жауап берді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға