Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі мектепте не үшін «2» деген баға алғанын айтты

Оқу-ағарту министрі мектепте не үшін «2» деген баға алғанын айтты
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 01.06.2023 16:04 902

Астанадағы №8 мектеп-лицейіне барған оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте қандай бағаға оқығанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомтсво басшысы оның оқуын анасы қадағалағанын алға тартады.

Ата-анам, әсіресе анам бағамды бақылап отыратын. Ата-анамды қуанту үшін әрқашан «өте жақсы» деген баға алуға тырыстым. Себебі «бестік» алған сайын анам тәтті бәліш пісіретін, – Ғани Бейсембаев

Дегенмен ол күнделігінде бәрі ойдағыдай болмағанын жасырмады. Тіпті «2» алған кезі де болған екен.

Алғашқы әскери дайындық пәнінде киімім сай болмағаны үшін 11-сыныпта бір рет «2» алғаным бар. Басқа уақытта «4» пен «5» деген бағаларға ғана оқитынмын, – деді Бейсембаев.

Одан бөлек министр мектеп бітіретін кезде сыныппен қоштасу кешін ұйымдастырмағанын айтты.

Мектеп бітіргеніме 30 жылдан асты. Мектепте бітіру кеші өткен жоқ. Біздің уақытта тойлау деген болған жоқ. Дегенмен өзім мұғалім атанғанда оқу жылының аяқталуына оқушылармен бірге қуанатынмын, дәл бүгінгідей іс-шараға баратынмын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға