Ғани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР оқу-ағарту министрі Еуропалық білім беру қорының басшысы Пилви Торстимен, Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яап Орамен кездесті. Тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.
Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнамалық нормалар жетілдіріліп, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, колледждердегі менеджмент күшейтілуде.
Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, колледждердің инновациялық дамуы, студенттер мен педагогтердің тағылымдамадан өтуі және мектеп педагогтерінің кәсіби дамуы жөніндегі жобалар талқыланды.
Оқу-ағарту министрі еуропалық әріптестерімен келіссөз жүргізді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды