Жаңалықтар

Оқиға Екібастұзда сарай жанды

Оқиға  Екібастұзда сарай жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 19.05.2023 15:42 620

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда Екібастұзда сағат 11:58-де Сүтжанов көшесі мекенжайы бойынша сарай өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келгенде жеке үй аумағында шамамен 100 шаршы метр алаңда шпал сарайы толығымен жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ 20 шаршы метр алаңдағы көң жанған. Жоғары температурадан тұрғын үйдің пластикалық терезелеріндегі әйнектер жарылып кеткен, – дейді департаментте.

Тілсіз жау сағат 12:20-да ауыздықталып, 12:40-та сөндірілді.

Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен үш техника мен 13 қызметкер, 102, 103 қызметтері, қалалық электр желісі жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға