Жаңалықтар

«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды
Фото: el.kz / Бауыржан Жуасбаев 27.07.2023 20:26 556

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтарованы экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген Антикор мәліметінде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға