Жаңалықтар

ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттер мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарта бастады

ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттер мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарта бастады
Фото: © Pixabay.com 01.05.2023 13:20 3363

ОПЕК+ келісіміне қатысушы көптеген елдер мамыр айында мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартуды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнай өндірісін шектеу 2023 жылдың соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта өндірісті төмендету тәулігіне 1,66 млн баррельді құраған.

ОПЕК+-ке кіретін ең ірі мұнай өндіруші Сауд Арабиясы 3 сәуірде өткен альянстың кездесуінен бір күн бұрын мұнай өндіруді биылғы мамырдан 2023 жылдың соңына дейін қысқартатынын ресми мәлімдеген еді. Мониторинг отырысынан кейін ОПЕК сайтында жарияланған мәлімдемеде өндірісті азайтуға бағытталған алдын алу шаралары мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталғаны белгілі болды.

Мұнай өндірісіне қосымша шектеу енгізу шараларын 9 мемлекет қабылдады. Соның ішінде, Сауд Арабиясы өндірісті өз еркімен тәулігіне 500 000 баррельге, Ирак – 211 000, БАӘ – тәулігіне 144 000, Кувейт – 128 000 баррельге, Қазақстан – 78 000, Алжир – 48000 баррельге, Оман – 40400 , Габон 8000 барельге қысқартып отыр.  Ресей маусым айының соңына дейін мұнай өндіруді тәулігіне 500 000 баррельге қысқарту туралы шешімін жылдың соңына дейін ұзарттатыны айтылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға