Оңтүстік Суданда мектептер белгісіз мерзімге жабылды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
17.03.2024 19:11
899
Оңтүстік Судан үкіметі дүйсенбіден бастап барлық мектепті жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша билік екі аптаға созылатын аптап ыстық толқынына дайындалуда.
Денсаулық сақтау және білім министрлігі ата-аналарға балаларды үйден шығармауға кеңес береді, себебі елде температура 45 градусқа дейін көтеріледі.
Associated Press мәліметінше, биліктің бұйрығына бағынбай, жұмысын жалғастырған кез келген мектеп тіркеуден айырылады екен. Алайда мектептердің қанша уақыт жабық болатыны әлі нақтылаған жоқ.
Министрлік «жағдайды бақылауды ұстауды жалғастырып, халықты хабардар ететінін» мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды